Асық ату ойынынан жарыс » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » Асық ату ойынынан жарыс
16
September
2022

Асық ату ойынынан жарыс

    №21 жалпы орта мектебінде ұлттық спорттық  ойындарының «Асық ату», ойынынан үйірме жетекшісі А.Кантарбаевтың ұйымдастыруымен 16 қыркүйек күні оқушылар арасында  мектепішілік  жарыс өтті.  Мақсаты: балаларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау, ұлттық сана қалыптастыру болып табылады. Аталмыш жарысқа  мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында ДТЖО Э.Тайбекова қатысушыларды құттықтап,  ойындарына сәттілік тіледі. «Асық ату - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.  Асықты әр қазақтың баласы ойнай білуі керек »,-деп командаларға сәттілік тіледі. «Асық ату»  ойыны нәтижесі  бойынша 1 орынды  7 сынып оқушылары Әділбек Байсұлтан мен Әділбек Бексұлтан,  2-ші орынды  Ақынсарғау Санжар мен Алмабек Досхан, иеленсе, 3 орынға 6  сынып оқушылары Нұри Алижан мен Бекзада Нұрғиса ие болды. Жеңімпаздарды Андас батыр  әкімі аппараты жанындағы «Жастар» орталығы инспекторы Н.Карабалаев   диплом, алғыс хатпен марапаттады.