16
September
2022
«Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы» атты онкүндіктің жабылу салтанаты
№21 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 қыркүйек күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл – уақыт талабы» атты онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Іс – шара барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, әннен шашу шашты. Сонымен қатар, қазақ тілі әдебиеті пән бірлестігінің ұстаздары ұлттық тағамдардан,ұлттық құндылықтарымыздан көрме жасап,дастархан жайды."Бесікке салу", "Тұсау кесер" салт-дәстүрлерін көрсетіп,көпшілік көңілінен шығып,ұлттық салт-дәстүр,әдет-ғұрпын насихаттады.
Бірлестік ұстаздарының ұйымдастыруымен Окүндікте танымдық сабақтар, дөңгелек үстел,пікірталас алаңы, әдеби кеш, интелектуалдық сайыс және эссе, шығарма жазу байқаулары өткізілді.