"Ағылшын тілі - сенің Супер күшің" » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Ағылшын тілі - сенің Супер күшің"
12
January
2026

"Ағылшын тілі - сенің Супер күшің"

 2026 жылдың 9 қаңтар күні мектепішілік жоспарына сәйкес #21 жалпы орта білім беретін мектебінде :" English - Your Superpower!" ( " Ағылшын тілі - сенің Супер күшің!") тақырыбында шетел (ағылшын тілі) пәні әдістемелік бірлестік айлығының салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, өткізілді.Мақсаты : Мектептегі білім алушылардың шетел  (ағылшын тілі)  пәнін меңгерудің маңыздылығын түсіндіру, олардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу, ағылшын тіліне деген ынтасын арттыру, тілдік білімін жетілдіру және мәдениетаралық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Осы мақсатқа негізделе отырып, іс-шараға мектебіміздің 3- 11 сыныптың білім алушылары, мектеп әкімшілігі және ұлағатты педагогтері қатысты .Салтанатты ашылу барысында барлық қонақтарды,  педагогтері мен білім алушыларды мектеп директоры -Э.А.Бекжанова құттықтап, ізгі ниетін білдірді, сонымен қатар , іс -шараның қонақтары : мектептегі директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары - Б.Ш.Жандарова , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Э.Б.Тайбекова, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары - Э.А.Ибраимкулова , математика пәнінің мұғалімі - З.А.Домасбекова барлық қатысушыларға  өздерінің ерекше құттықтауларын  айтып , осы ағылшын тілі айлығы барлық білім алушыларына  жаңа білім,  жаңа әсер мен  жоғары жетістіктер әкеліп , оларға айлық барысында сәттілік пен шабыт тіледі.
Іс- шара барсында мектептің 3-11 сыныптың білім алушылардың қатысуымен тақырыптық өлеңдер, әндер, креативті би , көптеген жаңа ,  қызықты ойындар ұсынылды. Шетел  (ағылшын тілі) пәні айлығының салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өткізіліп, барлық көрермендерге жағымды әсер қалдырды .