17
April
2025
“Суды үнемде - болашақты сақта” сынып сағаты




“Суды үнемде - болашақты сақта” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты:
Schoolchildren судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, суды үнемдеудің жолдарын үйрету, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Сынып жетекшілер судың тіршілік көзі екені туралы ақпарат берді. «Судың ғаламдық маңызы» атты қысқаша бейнебаян көрсетілді. Оқушылар су ресурстарының сарқылуы мен оны үнемдеу жолдары туралы мағлұмат алды, үйде, мектепте, көшеде суды қалай үнемдеуге болатыны туралы ойларымен бөлісті. Сынып сағаты оқушыларға терең әсер етті. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану туралы білімдері кеңейіп, экологиялық мәдениеті қалыптаса түсті. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, тақырыпқа қатысты өз ойларын еркін білдіре алды.