"Жас маман - алға бас қадам!" жабылу салтанаты » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » "Жас маман - алға бас қадам!" жабылу салтанаты
28
April
2025

"Жас маман - алға бас қадам!" жабылу салтанаты

2025 жылдың 28 сәуір күні #21 жалпы орта білім беретін мектебінде:" Жас маман: Жаңа бетбұрыс. Жаңа идея". жас мамандар онкүндігінің өтілу жоспарына сәйкес:" Жас маман - алға бас қадам!" тақырыбында  жабылу салтанаты ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты : жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оларға әдістемелік көмек көрсету, педагогикалық мамандықтың мәртебесі мен беделін арттыру. Аталмыш іс- шараға мектеп әкімшілігі, қонақтары мен ұлағатты педагогтары қатысып, мектептегі жас педагогтердің шеберлігін , іскерлігін, жан- жақты шығармашылығын , ізденіс пен мәдениеттілігін байқай отырып ,  әрбірінің келешекте өз маманның шебері  болуына сенім артты. Мектеп директоры - Эльмира Алтынбекқызы Бекжанова жас мамандарға , жүрек қалауымен таңдап келген педагогикалық бастамаларына шығармашылық табыстар мен сәттілік тілей отырып, өзінің жылы лебізін білдірді. Сондай - ақ, келесі құттықтау сөз кезегінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Балжан Шленқызы Жандарова жас мамандарға зор денсаулық тілей отырып, еңбек жолында көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің ризашылығын білдірді. Іс - шара барысында жас мамандар өздерінің өнерлерін көрсетіп, қатысушылармен түрлі сергітетін ойындар ойнатып  , педагогикалық ұжымға алғыс сөздерін жолдады. Позитивті нотада шараның жалғасын тапқан мектеп психологтары - Айгерім Серікқызы Назаркулова мен Жанерке Киікбаева ның жас мамандармен қызықты тренинг ойындары болды. " Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, Мен Жастарға сенемін " - Мағжан атамыз айтқандай  , жас келсе - іске!