Мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуы » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » Мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуы
05
June
2023

Мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуы

Жазғы демалыста оқушылар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында біздің мектепте «Балдәурен» мектеп жанындағы сауықтыру лагері ашылды. Мектеп жанында сауықтыру лагері 5 маусым күні ашылды. «Балдәурен» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты 1 – 2 ауысым жұмыс жоспары, оқушылардың өмірін қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді. 5 маусым күні мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты "Балалардың игілігі үшін!" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, балалар өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Мереке барысында алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Бекжанова Э.А сөйлеп, балаларға жылы лебіздерін білдіріп, жазғы демалыстарын қызықты өткізу үшін мектепте «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылып, екі кезеңде 3 топта 68 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты. Сонымен қатар , 4 тілдік және балалардың қызығушылығы бойынша 3 үйірме жұмыс атқарады. Күнделікті жас ұрпақтың денсаулығы , асханадағы  ас мәзірінің сапасы медбикенің  бақылауына қойылды. Балалардың психологиялық көңіл күйін арттыру мақсатында психологиялық кеңес және кітап оқуға құштарлығын нығайтуға бағытталған «Кітапхана әлемі» жұмыстары ұйымдастырылды. Мерекеге қатысқан ата-аналар, әжелер өздерінің тілектеріп білдіріп, балаларды мейрамымен құттықтады. Концерттік бағдарлама өз бастауын алып,мектептің дарынды әрі талантты балалары өнерлерін көрсетті, жаз , мектеп, достық, мейірімділік туралы тақпақтар оқыды, әнші балалар патриоттық және туған жер туралы әндерін орындады. Мерекенің соңында әрбір  бала «Тілектер  ағашына» өздерінің армандарын, достарына,отбасына,алтын ұя-мектебіне,ұстаздарына деген ыстық лебіздерін «сMayликтерге» арқылы жазып,білдірді. Салтанатты жиыннан кейін балаларға дәмді түскі ас беріліп, сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.