08
September
2023
«Экстремизму, терроризму нет!» атты диспут алаңы
Оқушылардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында №21 ЖОББ мектебінде 8 қыркүйек күні тарих пәні мұғалімі А.Турдиева «Экстремизму, терроризму нет!» тақырыбында сыныптан тыс іс шара өткізді. Ұйымдастырылып өткізілген шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мұғалім қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде діни экстремизммен күрес белсенді түрде жүріп жатқанын айтып, жастарды жат ағымдардан сақтандырудың бірден-бір құралы діни сауаттылықты жақсарту болып табылатындығына тоқталды. Мектеп жасындағы жеткіншектердің басты мақсаты-жан-жақты білім алу екендігін жеткізді. Диспут алаңында оқушылар өз ойларын еркін айтып, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындады.
