«Сыйлыққа-кітап»
№21 жалпы білім беретін мектеп кітапханасының
«Сыйлыққа-кітап» атты акциясының өтілуі туралы
Анықтама
Жауаптылар: А.Б. Наурызбай, А.С. Линник
Өткізілген мерзімі: 1-25 қазан, 2018 ж
Мақсаты:
<!-1) Мектеп оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға құмарлығын арттыру, олардың кітапты кұрметтеуге тәрбиелеуі және рухани байлығын арттыру.
Осы мақсатқа сай 2018 жылдың 1-25 қазан аралығында мектеп кітапханашылары А.Б.Наурызбай мен А.С. Линниктің «Сыйлыққа - кітап – В подарок -книга» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барасында мектеп кітапханасында «Кітап –менің ақылшым» көрме ұйымдастырылды, сондай –ақ 1-4 сыныптар аралығында «100 кітап» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Жауапты: А.Б. Наурызбай. Іс-шара барысында балалар білімнің кітап арқылы берілетіндігін түсініп, өй-өрісі дамып, әртүрлі ойын кезендері арқылы шығармашылық қабілеттері арттырылды.
5-7 сыныптар арасында «Кітап–сенімді сырласың» атты семинар ұйымдастырылып, жүргізілді. Семинар барасында балалар кітап арқылы сөздік қорын нығайтып, олардың рухани байлығын арттыратына кеңінен білім алып, жалпы дүниетанымдары кеңейді.
8-9 сыныптар аралығында «Құрметтейік кітапты» атты конференциясы өткізілді. Конференцияда оқушыларға кітапты сүюге, оны құрметтеуге тәрбие беріп, оларды кітап оқуға қызығушылықтарын арттырды.
10-11 сыныптар аралығында «Бір Ел- Бір Кітап» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізіледі. Іс-шара барысында оқушылар «Оқырман ұлт-елдің болашағы» кітап туралы айтылған нақыл сөздерді құрастырып, «Сен білесің бе?» атты кітапхана бойынша сұрақ –жауаптар қарастырылып, өз ойларын ортаға салып жалпы білімдерін нығайта білді, сонымен қатар,оқушылардың кітап оқуға үлкен қызығушылықтарын арттырды.
«Кітап –халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы»-демекші, ХХІ ғасырда оқырмандарымыз көбейе берсін!