" Libraries" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Libraries" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
23
январь
2026

" Libraries" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

 2026 жылдың 22 қаңтар күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік шетел тілі пәні ( ағылшын тілі) әдістемелік бірлестік айлық жоспарына сәйкес 7 " В " сыныбында : "  Libraries" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Пән мұғалімі : Б.Д. Бекенова .Сабақтың мақсаты : Шетел тілі ( ағылшын тілі) пәні сабағында оқытудың заманауи әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, білім алушылардың тілдік мәдениетін , сөйлеу деңгейін арттыру, олардың пәнге деген қызығушылықтарын жетілдіру, оқу және түсіну қабілеттерін дамыту .
Сабақ барысында педагог - Б.Д.Бекенова заманауи білім беру технологияларын және цифрлық платформаларды қолдану арқылы білім алушылардың  ағылшын тілінде сөйлесу, оқу, тыңдау және жазу дағдыларын дамытып," Canva ",  " PowerPoint" платформасында дайындаған презентация арқылы сөздерді қайталап, оның дұрыс айтылуын қалыптастыру үшін аудио материалдар қолданды , сондай-ақ, "Wordwall", " LearningApps" платформаларында интерактивті тапсырмалар орындалса, ал " Quizizz" платформасы арқылы білім алушылар мәтінмен  жұмыс жасап, негізгі ақпаратты анықтап , өздігінен жұмыс жасау дағдылары арттырылып,  кітап оқудың маңызын түсінуге бағыт беріліп , жалпы логикалық ойлау қабілеттері қалыптастырылды.