

2025 жылдың, №21 қаңтар күні 21 жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік шетел тілі пәні ( ағылшын тілі) әдістемелік бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 4 " Б" сыныбында:" My drink is colder" тақырыбында ойын сабағы өткізілді. Пән мұғалімі: Н. А. Шкуренко.Сабақтың мақсаты : шетел тілі ( ағылшын) пәні сабағында білім алушыларға сын есімдердің салыстырмалы шырайын қолдануды үйрету, сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында педагог - Н. А. Шкуренко бастауыш сыныптың білім алушыларына сын есімдердің салыстырмалы түрін дұрыс қолдану арқылы интербелсенді тақтаның көмегімен тапсырмаларды орындап , пәнге деген қызығушылықтарын арттырды, сөздікпен жұмыс барысында балалар белсенді қатысып , өз ойларын еркін жеткізе білді , сонымен қатар , педагог сабақта жасанды интеллект құралдары арқылы балалардың тілдік дағдыларын дамытып, цифрлық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастырды .