«Бастауыш – білім бастауы» атты айлықтың ашылуы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Бастауыш – білім бастауы» атты айлықтың ашылуы
02
март
2021

«Бастауыш – білім бастауы» атты айлықтың ашылуы

Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып оқуға, санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. №21 Жалпы орта білім беретін мектепте 1 наурыз күні бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бастауыш – білім бастауы» атты айлықтың ашылуы өтті. Айлық 1 наурыз бен 20 наурыз аралығында жоспарланды. Айлықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды» пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ай бойы ашық сабақтар, «Көктемгі табиғат көрінісі» сурет көрмесі, «Поэзия жәрмеңкесі» мәнерлеп оқу т.б. іс-шаралар жоспарланды. Заман талабына сай  «Жүректен жүрекке» тренингі жүргізіліп  мұғалімдер бір-біріне алғыс айтып әдістеме жұмысына сәттілік тіледі.