15
декабрь
2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай "Желтоқсан желі ызғарлы..." атты ашық тәрбие сағат
#21 Жалпы орта білім беретін мектебінде 14.12.2021 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқызының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай "Желтоқсан желі ызғарлы..." атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: 1986 жылы болған оқиғаның маңызын түсіндіру, алаңға шыққан қазақ жастарына көрсетілген қастандықты, қатыгездікті сезіндіру, тәуелсіздіктің үлкен күреспен келгенін ұғындыру, нағыз патриот болуға тәрбиелеу. Тәрбие сағатында 7 "Ә" сыныбының білім алушылары тақырыптық қойылым қойып, қара өлең жолдарын мәнерлеп оқып келген қонақтардың көздеріне жас ұялатты, көңілдерін құлазытты. Іс-шараға 1986 жылы желтоқсан оқиғасының куәгері болған мектебіміздің ұлағатты ұстазы Абишева Назира Илиясқызы, Тәуелсіздік құрдастары Тескеналиева Асел Маратқызы мен Алхожаева Назерке , мектеп кітапханашысы Наурызбай Айнұр Батырқұлқызы, 7 "Ә" сыныбының ата-аналары қатысты. Назира Илиясқызы өз естеліктерімен бөлісіп, балаларға деген жүрекжарды тілектерін арнады. Тәрбие сағаты білім алушылардың патриоттық тәрбиесіне зор әсер етті.



и