16
июнь
2025
Сыпатай батыр автомобильдік шекаралық бақылау бөлім қызметімен таныстыру жұмысы
2025 ж 16 маусым күні №21 ЖОББМ Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі С.Т.Дарханбаев пен педагог кәсіби бағдар беретін мұғалімі Болкебаева А.А 11 сынып оқушыларымен Сыпатай батыр автомобильдік шекаралық бақылау бөлім қызметімен таныстыру жұмысын жүргізді. Мақсаты: 10-11 сынып оқушыларын Сыпатай батыр шекаралық бақылау бөлимінің қызметімен таныстыру, шекаралық бақылау мен қауіпсиздікті қамтамасыз эту саласындағы жұмыстарды түсіндіру, шекарашылардың кәсіби қызметіне қызығушылықты арттыру, оқушыларды кәсіби бағдарлау және патриотық тәрбие беру. Бақылау бөлімінің топ офицері М.Т.Малдыбаев жұмыс барысындағы шекара қызметкерге деген ізгі құрметпен таныстырды. Сонымен қатар, кинологтардың қойылымдары арқылы оқушыларға арнайы қызметтегі иттердің жұмыс ерекшеліктері көрсетіледі. Бұл қойылымдар оқушылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыруға және олардың патриоттық сезімін оятуға көмектеседі.












