ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
17
февраль
2026

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

https://www.facebook.com/share/v/18BvbDxRfF/?mibextid=wwXIfr


ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
 Құрметті ата-аналар!
 Баланың денсаулығы – оның жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуының негізгі кепілі. Дұрыс тамақтану – баланың иммунитетін нығайтып, оқу үлгерімін арттырып, сергек әрі белсенді болуына ықпал етеді. Осыған орай, сіздерді балаңыздың күнделікті ас мәзіріне ерекше көңіл бөлуге шақырамыз.
 Дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары:
 Таңғы асты міндетті түрде ішу. Таңғы ас – күн бойғы күш-қуаттың көзі.
 Күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістердің болуы.
 Ақуызға бай тағамдарды (ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) тұрақты тұтыну.
 Қантты, газдалған сусындарды, фаст-фуд өнімдерін шектеу.
 Тамақты уақытылы және мөлшермен ішу.
 Таза ауыз суды жеткілікті мөлшерде пайдалану.
 Баланың мектепке алып келетін тамағы да пайдалы әрі құнарлы болғаны жөн. Чипсы, тәтті сусындар, тез дайындалатын тағамдардың орнына жеміс-жидек, айран, табиғи шырын, домжағдайында дайындалған тағамдар берген дұрыс.
 Салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру – отбасы мен мектептің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Балаларымыздың дені сау, білімді әрі белсенді болып өсуі үшін бірге жұмыс жасайық!
 Ізгі ниетпен,
 №2
1  жалпы орта білім беретін мектебі әкімшілігі