“Жақсы ұстаз – жақсы шәкірттің кепілі» тақырыбында тренинг өтті » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » “Жақсы ұстаз – жақсы шәкірттің кепілі» тақырыбында тренинг өтті
27
январь
2026

“Жақсы ұстаз – жақсы шәкірттің кепілі» тақырыбында тренинг өтті

“Жақсы ұстаз – жақсы шәкірттің кепілі» тақырыбында тренинг өтті

2026 жылғы 27 қаңтар күні мектепте әдістемелік кеңес аясында педагогикалық ұжымға арналған «Жақсы ұстаз – жақсы шәкірттің кепілі» тақырыбында психологиялық-педагогикалық” тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздың тұлғалық және кәсіби рөлін терең ұғындыру, мұғалім мен оқушы арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, педагогтардың өз іс-тәжірибесіне рефлексия жасауына мүмкіндік беру.
Тренинг барысында қатысушылар «Жылулық шеңбері», «Ұстаз айнасы», «Шәкірт табысының формуласы», «Алтын сөз» сынды психологиялық жаттығуларға қатысып, жақсы ұстаздың бейнесін, ұстаз сөзінің оқушы өміріндегі маңызын және қолдаудың бала болашағына әсерін талқылады. Топтық жұмыстар мен ой қозғау кезеңдері педагогтардың кәсіби ой бөлісуіне, тәжірибе алмасуына ықпал етті.
Іс-шара қорытындысында шәкірт табысы – тек оқушының ғана емес, ұстаздың, ортаның және қолдаудың нәтижесі екені атап өтілді. Ұстаздың әрбір сөзі мен әрекеті оқушының өзін-өзі бағалауына, ішкі сеніміне және болашақ дамуына тікелей әсер ететіні туралы ортақ пікір қалыптасты.
Аталған тренинг педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, эмоционалдық интеллектін дамытуға және мектептегі жағымды психологиялық ахуалды бағыттады