03
декабрь
2025
"Зорлық - зомбылықтың алдын алу" тренинг
2025 жылыдың 3 желтоқсан күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологтары мектеп оқушылары арасында " Зорлық-зомбылықтың алдын алу" мақсатында тренингтік жүргізілді. Тренинг барысында қатысушылар түрлі өмірлік жағдайларға арналған кейс-ситуацияларды талқылап, буллингтің түрлерін ажырату, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру және көмек сұрау дағдыларын нығайтты.
Тренинг мазмұны келесі бағыттарды қамтыды:
🔹 сөзбен кемсіту және оның психологиялық салдары;
🔹 онлайн ортадағы қысым мен кибербуллинг белгілері;
🔹 «әзіл» түрінде көрінетін жасырын зорлық;
🔹 физикалық итеріс, қысым көрсету;
🔹 материалдық сипаттағы зорлық (ақша талап ету).
Оқушылар ұсынылған кейстер арқылы өзара құрмет пен жауапкершіліктің маңызын түсініп, эмоцияны тану және шекара қою дағдыларын тәжірибеде қолданды.
Сонымен қатар тәрбиелік мақсатта зорлықтың салдары мен мейірімді қарым-қатынастың маңызын көрсететін «Тас жүрек пен Таза бұлақ» атты аңыз-әңгіме ұсынылды.Іс-шараның негізгі нәтижесі – оқушылардың зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамау, өз қауіпсіздігін қорғау және құрдастарымен сенімді қарым-қатынас орнату дағдыларын нығайтуы. Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында "Гномики биі" жаттығуы жүргізілді.