"Зерде" байқауының мектепішілік 1 кезеңі » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » » "Зерде" байқауының мектепішілік 1 кезеңі
26
ноябрь
2025

"Зерде" байқауының мектепішілік 1 кезеңі

      
#21 жалпы орта білім беретін мектебінде 2-7сыныптар аралығында білім алушылардың зерттеу жұмыстары  мен шығармашылық  жобаларының республикалық "Зерде" байқауының мектепішілік 1  кезеңі өткізілді. Мақсаты:  Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін ынталандыру,  дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету,  олардың үздік жетістіктерін насихаттау.
     Осы байқаудың 1 кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 5"А" сынып білім алушысы-Тұрғынбек Алина шет тілі (ағылшын)  пәні бағытына қатысып,  өз жұмысын қорғап, жұмыстың тақырыбы:" The history of fashion", нәтижесінде осы білім алушымыз    1-орынға ие болды. Жетекшісі:  ағылшын тілі пәні мұғалімі: А. М. Тескеналиева. Өз зерттеу жұмысында Тұрғынбек Алина өзінің ағылшын тілі пәніне және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын танытып,  өзінің ұсынып отырған зерттеу жұмысын  қорғап, өз деңгейінде насихаттай білді.