«Жасөспірім және дін»
26 қыркүйек күні зайырлылық және дінтану негіздері пәні мұғалімі А.Турдиева «Жасөспірім және дін» тақырыбында білім алушылармен сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім алушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, дін туралы және жалған діни ағымдардың зияндылығы туралы сенімді ақпарат беру, сондай-ақ патриотизмге , отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап берді