«Қылмыссыз ортаны құру – қоғам міндеті» тақырыбында диктант жұмысы өткізілді. » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Қылмыссыз ортаны құру – қоғам міндеті» тақырыбында диктант жұмысы өткізілді.
20
апрель
2026

«Қылмыссыз ортаны құру – қоғам міндеті» тақырыбында диктант жұмысы өткізілді.

Мектебімізде құқықтық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 8–11 сынып оқушылары арасында «Қылмыссыз ортаны құру – қоғам міндеті» тақырыбында диктант жұмысы өткізілді.
     Диктант барысында оқушылар заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық сауаттылықтың рөлі туралы мазмұнды мәтінмен жұмыс жасады. Жұмыс оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдірумен қатар, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталды.
     Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың заңға құрметін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру және жауапты азамат тәрбиелеу. Осындай тәрбиелік мәні зор жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.