02
декабрь
2025
«Әже даналығы. Жеті қазына – жеті қасиет»
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру, отбасылық тәрбие мен халықтық мұраның маңызын түсіндіру мақсатында 5-сынып оқушылары арасында «Әже даналығы. Жеті қазына – жеті қасиет» атты тәрбиелік шара өткізілді.Іс-шара барысында оқушыларға қазақ халқының бай мәдени мұрасы, жеті қазынаның мән-мағынасы және оның әр адамның бойында болуы тиіс жеті игі қасиетпен байланысы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға арнайы шақырылған әжелер өз өмір тәжірибесімен бөлісіп, үлкенді құрметтеу, ізеттілік, мейірімділік, шыдамдылық, тойымдылық, инабаттылық сияқты құндылықтар жайында тағылымды әңгімелер айтты.

