«Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты жиын » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты жиын
01
сентябрь
2025

«Мектебім – мейірім мекені!» салтанатты жиын

2025 жылдың 1 қыркүйек күні №21 жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылардың бойында білімнің маңыздылығы мен құндылығын ұғындыру, жағымды көңіл-кдоммен мектепке деген оң көзқарас қалыптастыру мақсатында «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын  мектепке деген оң көзқарас қалыптастыру мақсатында «Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.Аталған мерекелік шараға «Аманат» партиясы Меркі аудандық филиалының атқарушы хатшысы К.Шағатаева жәнк Андас батыр  ауылдық округінің әкімі Н. Султаналиев арнайы қонақ ретінде қатысып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынды мектеп директоры  Э.Бекжанова ашып, білім күнімен құттықтап, барша білім алушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс, қажырлы еңбек пен жаңа жетістіктер тіледі.   Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 87 білім алушы қабылданды. Жиын барысында мектепке алғаш келген 1сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Мажит Кәусар, Нұржан Ариана және Ердосұлы Ержігіттің орындауында  «Мектеп бізге үйретеді» , Бейсембек Айдинаның орындауында «Алғашқы қоңырау» , “Зерек” тобының  «Болашағы біз елдің» атты әні көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Жиын соңында 11 сынып түлектері мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына арналған өлең шумақтарын  айтып, әсем әнмен көрермендерге әсерлі көңіл-кдомсыйлады. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі де салтанатты түрде өтті. Бұл құрмет 1-сыныптың білім алушылары Өзібек Аяла мен Асқар Аділбекали және 11-сыныптың үздік оқушылары Оңланбек Заңғар мен  Нурбол Аймекенге табысталды. Бұл сәт білім күніне ерекше мән беріп, барша қатысушылардың есінде қалатын әсерлі көрініске айналды.
Жиын соңында мектеп ауласында оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар естелік суретке түсіп, мерекелік көңіл күйде тарқасты.