«Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз» тренинг » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз» тренинг
26
февраль
2026

«Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз» тренинг

Іс-шара тақырыбы: «Алғыс – жүректен шыққан жылы сөз»
Тренингтің мақсаты – оқушылардың бір-біріне деген құрметін, ризашылығын арттыру, эмпатия мен жағымды қарым-қатынасты дамыту және алғыс айтудың психологиялық маңызын түсіндіру.
Психологиялық жұмыс бағыты: дамыту-түзету, психологиялық ағарту және алдын алу.
Өткізу күні: 26 ақпан 2026жыл 
Респонденттер: 11 сынып оқушылары
Тренинг жоспары:
  1. «Алғыс банкісі» жаттығуы
  2. «Алғыс хат»
  3. «Эмоциялық кемпірқосақ» арт терапия
  4. «Алғыс ағашы» арт- техникасы
  5.  «Жылы лебіз» мотивациялық жаднама тарату
    Тренинг барысында 
«Алғыс банкісі» – оқушылар позитивті сәттер мен жетістіктерін атап өтті.
«Алғыс хат» – өмірінде маңызды рөл  атқаратын адамға яғни дұрыс жолды таңдау, себепкер болған ұстаздарына   алғыс хат жазды.
«Эмоциялық кемпірқосақ» – позитивті эмоцияларды анықтап, талдау жүргізілді. «Алғыс ағашы» техникасы – маңызды адамдар мен өмірлік сәттерге ризашылық білдіру жүзеге асырылды.
«Жылы лебіз» – жаттығуында психолог тарапынан оқушыларға мотивациялық жаднамалар ұсынылды. Жаднамалар кездейсоқ таңдау әдісі арқылы таратылып, әр қатысушы өзіне түскен нақыл сөзді дауыстап оқып, оның өміріндегі маңыздылығы мен қазіргі кезеңде не үшін қажет екенін түсіндірді. Психолог әрбір таңдалған сөздің адамның ішкі жан дүниесіне әсер ететінін, кейде кездейсоқ таңдалған ойдың да өмірлік бағыт-бағдар беретінін атап өтті. Оқушылар өздеріне түскен мотивациялық сөздердің жеке өмірімен байланысын талдап, болашақ мақсаттарымен ұштастырды. Бұл жұмыс түрі оқушылардың өзін-өзі тануына, ішкі ресурстарын анықтауына және жағымды ой қалыптастыруына ықпал етті. Нәтижесінде қатысушылар мотивациялық сөздердің маңызын түсініп, оларды күнделікті өмірде басшылыққа алу қажеттігі туралы қорытынды жасады.
   Оқушылар тренингке белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізді. Жаттығулар барысында достық, сенім және өзара сыйластық атмосферасы қалыптасты.
Қорытынды:
Тренинг өз мақсатына жетті. Оқушылар алғыс айтудың маңызын түсініп, бір-біріне деген құрмет пен ризашылық сезімдерін білдіре алды. Іс-шара оқушылардың эмоционалдық жағдайына оң әсерін тигізді.