«Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар тарату » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар тарату
24
февраль
2026

«Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар тарату

Оқушылардың интернет кеңістігінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта «Қауіпсіз интернет», «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында арнайы психологиялық жаднамалар дайындалып, таратылды.

Жаднамаларда оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері, әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдары, буллинг пен кибербуллингтің белгілері және мұндай жағдайларда қандай әрекет жасау керектігі туралы түсіндірме ақпараттар берілген. Сонымен қатар қиын жағдай туындағанда сенімді ересектерге немесе мектеп психологына жүгіну қажеттілігі туралы ұсыныстар қамтылған.

Дайындалған жаднамалар сынып жетекшілерінің ортақ чатына жіберіліп, сынып жетекшілер арқылы оқушыларға таратылды. Сонымен қатар ақпараттың кең таралуын қамтамасыз ету мақсатында материалдар мектептің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтына жарияланды.

Бұл жұмыстардың мақсаты – оқушылардың интернет мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.