11 сынып оқушыларымен тренинг
«Үміт пен сенім – алға жетелейтін күш» тақырыбында өткізілген тренингке хаттама
Мерзімі: 31 қаңтар 2025 жыл
Респонденттер: 11 «а, ә» сынып – 20 оқушы
Мақсаты: Оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту.
• Қиындықтарды жеңу жолдарын қарастыру.
• Мотивация мен өзін-өзі дамыту дағдыларын жетілдіру.
Түрі: тренинг
Тренинг жоспары:
- «Үміт пен сенім» тақырыбы жайлы түсінік
- «Арманда, арманға жетелейтін нағыз мотивация» видео
- «Менің үміт жұлдызым» жаттығуы
- «Көңілді доптар» жаттығуы
- «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» тимбилдинг жаттығуы
- «Жаңбыр үні» релаксация жаттығуы
- «Жүректен жүрекке» қорытынды
Жұмыстың нәтижесі: 11 сынып білім алушыларымен ҰБТ-дің маңыздылығы жайында толық ақпарат алып түсіндіру жұмыстары жүргізілді, «Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы» және адам бойында үміт пен сенім туралы айтылып, «Арманда, арманға жетелейтін нағыз мотивация» видеоролигін тамашалап, «Менің үміт жұлдызым» жаттығуы жүргізілді, әрқайсысы өз арманы мен мақсатын сол жұлдызға жазып, жұлдыздарды тақтаға іліп, ортақ «Аспан» құрастырды. Ортаға шеңбер құрып «Көңілді доптар» жаттығуы жүргізілді, доптардағы санның реттілігіне қарай ішінен шыққан логикалық сұрақтарға жауаптар алынды. «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» тимбилдинг жаттығуы барысында шеңбер бойынша бір-бірлерінің арқасына А4 форматтағы қағазға психолог нұсқауы бойынша сурет салып, салынған суреттеріне қарап өздерінің көңіл – күйлерін көтерді. «Жаңбыр үні» релаксациялық жаттығуы жүргізізіліп, тренингті «Жүректен жүрекке» арқылы кері байланыс жасалды.
Жұмыс қорытындысы: білім алушыларға үміт пен сенімнің маңыздылығын тағы психолог тағы бір рет атап өтіп, оқушыларға шабыттандыратын цитата айтылды: «Ең үлкен жетістік – сеніміңді жоғалтпау!» Жалпы оқушылар белсенді қатысты, ойларымен бөлісті.

