21
февраль
2024
«Балаңызды қаншалықты түсінесіз?», «Ата – ана Сізді не алаңдатады?» тақырыбында ата – аналармен ашық есік күні

Мерзімі: 21 ақпан 2024 жыл
Мақсаты: ата – аналармен тығыз қарым қатынаста болу арқылы баланың психологиялық ахуалын түсіндіру, қолдау көрсету
Қатысқандар: 9-10-11 сынып ұлдарының әкелері
Барысы: ата - аналармен ұйымдастырылған ашық есік күнінде мектеп басшысы Э. Бекжанова, ДТЖО Э. Тайбекова, ДҚТЖО Ж. Жакипбекова, мектеп инспекторы Б. Дәуренбеков, мектеп психологтары А. Назаркулова, Ж. Кикбаева, әлеуметтік педагогтар А. Есалиева, Э. Ахметовалар қатысып осы қазіргі таңдағы білім алушылардың қарым – қатынасы, бір-бірімен түсінушіліктері, әкені не алаңдатады, баланы не алаңдатады, қандай мәселелер бар жайында ашық сөйлесіп, сұрақтар қойылып, талқыланды.
Ата – аналармен кездесу барысында мектеп директоры Эльмира Алтынбекқызы сөйледі: Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үдеріс. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел басымын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршаға аян. Өйткені бала өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесі. Олай болса бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі, міндеті көп. Ата-ана баланы оқытуға, сабаққа уақытында жіберуге, сабақтан кешіктірмеуге, себепсіз сабақтан алып қалмауға, ауырған жағдайда баланы дәрігерге қаратып, мектепке денсаулығы туралы анықтама анықтама әкелуге, бір жағдай болып баланы алып қалған жағдайда қол хат жазып, сынып жетекшісіне хабарлауға, баланың мектепке формамен жіберуге, сабақ уақытынан кейінгі уақыт ата – ананың құзырында екендігі айтылып өтті.
Әр сала мамандарына қойылған сұрақтарға жауап беріп, ата – аналар ойында жүрген сұрақтарына мардымда жауап ала алды.
Жалпы ашық есік күнінде психологиялық кеңестер мен қатар психологиялық алдын алу жұмыстары да жүргізілді.