8-18 қазан аралығында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онкүндік іс-шараның салтанатты ашылуы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 8-18 қазан аралығында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онкүндік іс-шараның салтанатты ашылуы
09
октябрь
2024

8-18 қазан аралығында «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында онкүндік іс-шараның салтанатты ашылуы

Ағымдағы жылдың қазан күні №21 жалпы орта білім беретін мектепте «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыптағы іс-шараның салтанатты ашылуы өтті. 

Мақсаты – білім алушылар  арасында дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ашылу салтанатына мектеп директоры,биология пәні мұғалімдері,мектеп медбикелері, әлеуметтік  педагогтар мен білім алушылар қатысты. Іс-шара барысында тамақтану мәдениетінің негізгі қағидалары мен дұрыс таңдалған тағамдардың денсаулыққа тигізетін әсері туралы мәліметтер берілді. Білім алушыларға пайдалы тағам түрлері туралы ақпараттар айтылып, күнделікті дұрыс ас мәзірін құру бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар, білім алушыларға  онкүндіктің бағдарламасы  аясында өтілетін  «Дәмдінің бәрі пайдалы ма?»«Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті», «Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фасфуд?», «Тазалық – ағза саулығының кепілі» тақырыптағы іс-шаралармен таныстырылып өтілді. Мұндай іс-шаралар арқылы білім алушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдылары дамытылады деп күтілуде.