Мектептегі тамақтандырудың сапасын бақылау туралы ақпарат » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі тамақтандырудың сапасын бақылау туралы ақпарат
25
декабрь
2023

Мектептегі тамақтандырудың сапасын бақылау туралы ақпарат

Асхана  жағдайын бақылау үшін мектепте  мониторинг жүргізетін комиссия мүшелері асхана тазалығы, аспазшылардың тазалығы, жеке гигиеналықты сақтауда арнайы киіммен жұмыс атқару,  ас мәзірінің сәйкестігі, дайындалған тағамның нормасы, сапасы, асхананың сыйымдылығы, тиімді тамақтануға арналған арнайы стендтер, оларға ілінген материалдардың мазмұны, мәтіні, кезекшілік кестелері, сонымен қатар ауыз су режимінің ұйымдастырылуын, тамақтану залында қолжуғыш пен қол кептіргіштің жағдайы, буфет өнімдерін сату жеке арнайы қаптамада жүзеге асырылуы қамтылды. Комиссия құрамының ай сайын белгіленген күні  тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай екендігі анықталды. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келеді. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа салған, жалпы шектеу іс-шараларының талаптары мектеп аханасында, аспазшы мамандарының жұмысында толықтай сақталып отыр деген шешімге келіп, аталған бағыттағы жұмыс барысы алдағы уақытта да өз деңгейінде үздіксіз  ұйымдастырылып отырылуы керек деген ұсыныс айтылды және аспазшыларға асханада тиым салынған заттардын сатылмауына ескерту айтылды.

    Мектепте ІІ тоқсанда қараша айында санаттағы 103(жуз үш) бала және бастауыш сыныптың 307 (үш жүз жеті) білім алушы мектеп асханасынан тамақтанса, желтоқсан айнда 2 отбасы АӘК тоқтауына байланысты  5 білім алушы ыстық тамақ тізімінен алынып, желтоқсан айында санаттағы 98 (тоқсан сегіз) білім алушы  және бастауыш сыныптың 305 (үш жүз бес) білім алушы Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым  министірлігінің 2020 жылғы 24 сәуіріндегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 10–қосымшасына сәйкес мектеп асханасында 2 ауысымда 2024  жылдың қыркүйек айынан бері бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр.