Мектеп асханасында бракераждық комиссиясының тексеру жүргізгендігі туралы ақпарат
Бракераждық комиссиясының мүшелері қазан айында білім алушылардың ыстық тамақпен қамту жұмыстарына тексеру жүргізді.Тексеру барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылған.. Мектепте әртүрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталған. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды.
Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыруда аса маңызды мәселелердің бірі. Асханада ыдыс-аяқтың тазалығына баса назар аударылған. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізілген. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылған) шыны ыдысқа салған.