«Сырласайық, жеңеше!» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сырласайық, жеңеше!»
01
март
2019

«Сырласайық, жеңеше!»

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында мектепте  «Сырласайық, жеңеше» атты қыз бен жеңге арасындағы жоғарғы сынып оқушыларына арналған сайысы өттіМақсаты:Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір  қыз бала бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе, қызға анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретуге күш салады. Cайыста ауылдың  ең шебер, инабатты, пысық, сымбатты деген 5  келін қайынсіңілерімен  қатысып, бақтарын сынады.

Сайыс шарттары келесідей  болды.
1. «Кәне, таныс болайық» /Таныстыру/
2. «Өнерпаз болсаң әрқалан» /Өнер көрсету/
3. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
жаман» /жеңгелер ұршық иіреді, қайынсіңілілері  ою  ояды, тігін тігеді, т.б./

4.«Тығырықтан шығу» /Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.

өз пікірлеріңізді білдіреді./

5.«Сұлулық сыры»  /Бұл  кезеңде жеңгелері қайынсіңілілеріне киім үлгісіне сай шаштарын сәндеп беруі керек./

   Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстырып, өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді.

«Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі–оның қолөнері. Бұл бөлімнің шарты бойынша жеңгелер ұршық иіріп, аруларымыз ою ойды. Күрделі әрі ұқыпты ойылған ою жоғары бағаланды.

Байқау талаптарының салмағы жеңіл болған жоқ. Әр қыз өзінің жеңгесімен  сахнаға қол ұстаса шығып, өнерлерін көрсетті. Қазақтың салт дәстүр, әдет-ғұрпын жаңғыртып,   көркемсөз оқып, ісмерліктерін сынады.  Жеңгелерге де  аса үлкен жауапкершілік жүктелді,  ата мен енеге сәлем салу,  қайын ене мен  қайынсіңліге ат қою,ұршық иіру  сияқты сындар ұлттық мәдениетімізбен табыстырды.

Үлгілі отбасында үйлесім тауып, ибалы келін, инабатты жеңге, аяулы ана, ардақты жар бола білген қазақ келіндері - көпке үлгі,өнеге. Сәні мен салтанаты жарасқан «Сырласайық, жеңеше!» атты сайысында, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған  жеңгелер мен қайынсіңілер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, оларға бағалы сый-сияпат табыс етілді.

 

Сайысқа қатысушылар: Исабекова А., Ринатқызы К; Абдикулова Э., Жақсылық Ж., Кангушекова Л., Мухан Н., Ахметова Э., Амантай А., Тазабекова С., Наурызбай Ж.

 

«Сырласайық, жеңеше!»

 

«Сырласайық, жеңеше!»