«Нашақорлық – зияны мен зардабы» дебат » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Нашақорлық – зияны мен зардабы» дебат
12
апрель
2022

«Нашақорлық – зияны мен зардабы» дебат

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-30 сәуір аралығында "Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу" айлығы барысында  7-8 сыныптар арасында  «Нашақорлық – зияны мен зардабы»  тақырыбында өткізілген мектепішілік дебат турнирі өткізілді.Турнирдің мақсаты: нашақорлықтың алдын алу мен оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру.
Нашақорлық ұлттық қауіпсіздігімізге, халық денсаулығына үлкен зиян тигізеді... Еліміздің барлық аймағында нашақорлықпен, есірткі бизнесімен күрес бойынша ведомствоаралық штабтың жаңа құрамын бекітуді ұсынамыз. Оның құрамына мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар кіргені дұрыс. Олардың жұмысын республикалық штаб басқарсын. Жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінен нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізетін пул жасақтау керек. Сайттарда есірткі құралдарын жарнамалауға шектеуді күшейту қажет.
Спикерлер нашақорлық тақырыбын жан-жақты талдап, мұндай жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.
Ойынға төрешілікті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботабекова Арай балаларға бағыт-бағдар беріп, әділ төрелігін жасады.
Турнирді ұйымдастырушы: Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқызы