08
апрель
2022
"Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқау
Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні, 2022 жыл "Балалар жылы" болып бекітілуіне байланысты мүдделі органдардың қатысуымен, балаларды қорғау шараларын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 10-18 жас аралығында "Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқау өткізілді. Іс - шара бойынша суреттер байқауынан мектебіміздің 10"А" сынып білім алушысы Тайбай Рабиасұлтанбегім ІІ дәрежелі диплом алып, шығарма жазу байқауынан 10"А" сынып білім алушысы Бейсембек Аяжан ІІІ дәрежелі дипломмен, мәнерлеп өлең оқу байқауынан 8 "А" сынып білім алушысы Айдаралы Диас ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.










