Мектеп формасы туралы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп формасы туралы
07
август
2023

Мектеп формасы туралы

2023-2024 оқу жылы
Ата-ана назарына!!!
Мектеп формасы – бала үшін ең маңызды элемент болып табылады. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес және шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалып, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Мектеп формасына арналған маталар ретінде сапасы жақсартылған, тез тозбайтын, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта маталарды қолданған жөн
Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка), тізеден төмен юбка (ұзындығы тізеден төмен 5-7 см төмен түсіп тұруы тиіс) немесе классикалық үлгіде шалбар. Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.
Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.