04
декабрь
2021
Аймақтық дебат турнирі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Меркі аудандық білім бөлімінің бастамасымен #21 жобб мектебінің ұйымдастырумен 4 желтоқсан күні "Тәуелсіз елім-Қазақстаным" атты айдандық-аймақтық дебат турнирі өткізілді.Турнирге #14, #30, #8, #3, #21 мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан жастары патриот, қазақ тілінің 30 жылда көтерілген деңгейі, электронды кітаптың артықшылықтары, кітап оқудың пайдасы сынды қарарлар бойынша бақ сынады. Қарарлардың өзектілігі мен проблемалық тұстары, аргумент пен факттері, статистикалық мәліметтердің құндылығы айшықталып көрсетілді. Оқушылардың пікірсайысқа деген ынта-жігерлері, қарарға деген дайындықтары, спикерлердің атқаратын қызметтері өз дәрежесінде айқындалды.
Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды #21 жоббм командасы, 2-орынды #14 жоббм, 3 орындарды #21 және #30 жобб мектептерінің оқушылары иеленді. Турнирді ұйымдастырушы: Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқызы.


Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды #21 жоббм командасы, 2-орынды #14 жоббм, 3 орындарды #21 және #30 жобб мектептерінің оқушылары иеленді. Турнирді ұйымдастырушы: Сатыбалды Мөлдір Кеңесбекқызы.


