№21 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сыныбының білім алушылары мен :" Сол жылдарға - тағзым !" атты ерлік - тәрбие сағаты өткізілді. » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сыныбының білім алушылары мен :" Сол жылдарға - тағзым !" атты ерлік - тәрбие сағаты өткізілді.
15
май
2026

№21 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сыныбының білім алушылары мен :" Сол жылдарға - тағзым !" атты ерлік - тәрбие сағаты өткізілді.

Мектептегі білім алушыларына Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, батыр ардагерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар , жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру ( насихаттау) және тарихи жадыны сақтау мақсатында 2026 жылдың 08 мамыр күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сыныбының білім алушылары мен :" Сол жылдарға - тағзым !" атты ерлік - тәрбие сағаты өткізілді. Мұғалімі : А.К. Тажибаева. Ерлік сағатында білім алушыларға Ұлы Жеңістің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы түсіндіріліп , бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі жайлы айтылып , батырлар туралы бейнематериалдар мен слайдтар көрсетіліп ,   патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып , әндер орындады . Сонымен қатар , 10 сынып білім алушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен майданда қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында ескерткішке барып, тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздік жариялап, батырлардың ерлігіне құрмет көрсетіп , ескерткішке гүл шоқтарын қойды .Тәрбие сағаты өте мазмұнды және патриоттық рухта өтті. Бейбіт өмір - батырларларымыздың жанқиярлық ерлігінің жемісі , сондықтан да біз тарихымызды ұмытпай, жас ұрпақты елін , жерін, Отанын сүюге ,  білімді және саналы ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Біз батыр аталарымыз бен әжелеріміздің алдында қарыздармыз , олардың ерлігі - мәңгілік өнеге . " Ешкім де , ешнәрсе де ұмытылмайды !"