М. Дулатұлының Әдеби Мұрасындағы Ұлттық Идея мен Адамгершілік Ұстанымдар " тақырыбында Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М. Дулатұлының Әдеби Мұрасындағы Ұлттық Идея мен Адамгершілік Ұстанымдар " тақырыбында Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
18
декабрь
2025

М. Дулатұлының Әдеби Мұрасындағы Ұлттық Идея мен Адамгершілік Ұстанымдар " тақырыбында Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университетінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы,  қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай: " М. Дулатұлының Әдеби Мұрасындағы Ұлттық Идея мен Адамгершілік Ұстанымдар " тақырыбында Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының біртуар перзенті,  қоғам қайраткері-Мыржақып Дулатұлының мол рухани мұрасын талдау,  ағартушы- ғалымның еңбектеріндегі қазіргі заман бейнесін ашып көрсету арқылы жас ұрпаққа үлгі боларлық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Аталмыш ғылыми-танымдық конференцияға #21 жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі-А. М. Тескеналиева белсенді түрде қатысып, жиын барысында   терең,  мазмұнды баяндамасын қорғап, өз пікір-ойларымен бөлісті. Конференциясының нәтижесі бойынша Әсель Тескеналиеваның баяндамасы жоғары деңгейде бағаланып,  1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл-ұлт руханиятын насихаттауға қосқан педагогтың  елеулі үлесі мен кәсіби біліктіліктің айқын көрінісі. Құттықтаймыз!!!