Республикалық және халықаралық күрес турнирлерінің жүлдегерлерімен кездесу » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық және халықаралық күрес турнирлерінің жүлдегерлерімен кездесу
21
апрель
2025

Республикалық және халықаралық күрес турнирлерінің жүлдегерлерімен кездесу


№21 ЖОББ мектебінде  дзюдо, самбо спорт түрінен жоғары жетістікке жеткен, республикалық және халықаралық  күрес турнирлерінің жүлдегерлерімен  кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қолдау және жас ұрпаққа үлгі болу. 
Спорт — адамның ерік-жігерін шыңдайтын, табандылық пен еңбектің жемісін көрсететін сала. Спортта биік белестерді бағындыру — үлкен еңбек пен төзімділіктің нәтижесі. Осындай асқақ жетістіктерге қол жеткізген спорт жүлдегерлерімен кездесулер жастар үшін үлкен рухани азық болып табылады. Кездесуіміздің қонағы - өз еңбегімен спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен мектебіміздің 2011 жылғы түлегі самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, 2025 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Қамаштегі  Дәурен және 2025 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері 11 «Ә»  сынып білім алушысы  Егізбай Диляра. Қамаштегі  Дәурен  өзінің спорттағы жолы, қиындықтарды қалай жеңгені және жеңістерге жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында қонағымыз спорттағы табыс кілті-табандылық, еңбекқорлық және мақсатқа сенімді ұмтылу екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жайында мотивациялық кеңестер берді. Мұндай кездесулер жас ұрпаққа үлгі болып, олардың армандарына сеніп, мақсаттарына жетуге ынталандырады.