26
сентябрь
2024
«Адал еңбек өмірдің құндылығы» тәрбие сағаты
Қыркүйектің төртінші аптасында «Еңбек күніне» орай «Адал еңбек өмірдің құндылығы» тақырыбында 3 «в» сыныбында тәрбие сағаты жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Мұғалім сабақта мақсатқа жету үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды, көрнекіліктермен топтық жұмыстар атқарылды. 10 минуттық Қауіпсіздік сабағы «Қалай өз – өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбы таныстырылды.
Сынып жетекшісі: Курамаева Н.А.

