13
ноябрь
2023
«Жас жолаушы және жол жүру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел
Мектепте жол-көлік оқиғалардың алдын алу мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен 13 қараша күні 8«В» сынып жетекшісі А.Естемес оқушылармен «Жас жолаушы және жол жүру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс шара барысында білім алушылар жол ережелерінің көптеген кедергілері, өткелдері туралы кезең-кезеңімен өз ой пікірлерін айтып түсіндірді. Белгіленген ережені сақтамау, әсіресе мектеп жасындағы балаларға өте қауіпті. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, ролик тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетіні салдарынан бұзылатыны жайлы айтылып, осындай жағдайларға жол бермеу туралы ескертілді. Сонымен қатар, оқушылар жолда жүру ережесі туралы білімдерін , жолда жүру мәдениетін шыңдап , сақтыққа тәрбиеленді.
