11
сентябрь
2023
Төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс тұрыс қағидалары бойынша эвакуациялық жаттығу
Меркі аудандық білім бөлімінің 08.09.2023 ж. №1116 хаты негізінде 2023 ж.11 қыркүйек күні сағат 11-де мектепте оқыс оқиғалардың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс тұрыс қағидалары бойынша эвакуациялық жаттығу өткізілді. Эвакуациялау жолдарының дайындығын АӘД және ТД пәнінің мұғалім ұйымдастырушысының міндетін уақытша атқарушы С.Дарханбаев тексеріп, ұжым мүшелері мен білім алушылар арасында оқыс оқиғалардың алдын алу, оның ішінде террорлық қаупі төнген кездегі іс әрекет туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Оқу жаттығу педагогикалық ұжым мен білім алушылар арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды.Төтенше жағдай кезіңдегі іс-әрекеттер, «Барлығыңыздың назарларыңызға» құрылымы эвакуация сигналы тәртібі бойынша іс-әрекеттер пысықталды, саптық жиын өткізілді, онда оқушылар үшін педагогикалық ұжымның төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттері жайында ақпарат берілді. І ауысым оқушылары, педагогикалық құрам мен техперсоналдар өрт кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Педагогикалық ұжым мен оқушылар үйлесімді жұмыс жасады. Эвакуациялау іс-шаралары бойынша оқушылар, тұрақты құрам мен қызмет көрсетуші персоналдар жұмылдырылды. Обьективті жаттығу барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өтті.




