«Қарттарым аман саумысың!»
№21 жалпы білім беретін мектебі «Жас Ұлан» балалар ұйымымен «Қарттарым аман саумысың!» кездесу өткізілді
Жауапты: мектеп тәлімгері: Сулейманова А.Е.
Өткізілген күні: 1 қазан 2018 жыл
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге,ардақтап, құрметтеуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Бұл күн бүгінгі таңда маңызы өте зор, себебі қазіргі заманғы қоғамда орын алып отырған қарттардың көптеген проблемаларына назар аудартуға ықпал етеді.
«Қарттарым-аман саумысың» тақырыбында қарттармен кездесу ұйымдастырылды. Осыдан 27 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсаты - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.Міне біз де, көптеген жылдар қызмет атқарған ардагер ұстаз , қарияларымызды құрметтеудеміз. Солардың бірі, бірегейі Андас батыр ауылының 1992-2006 жылдары кәсіби ұстаздық қызметін атқарған. «Жас Қыран» балалар ұйымы бүгінгі күні 72 жасты алқылдаған Алмағанбетова Хамза әпкиді атаулы мерекесімен құттықтап үйінде болдық.
Кездесу барысында ардагер ұстаз Алмағанбетова Хамза әпкидің үйіне барып, үй шаруасына «Жас ұлан» балалар ұйымымен көмектесіп келдік. Қыздар үй шаруасына көмектесіп, ұлдар үйдің жан-жағын тазалап көмектесті. Балалар жұмыстарын бітірген соң Алмағанбетова Хамза әпкимен әңгіме сұхбат жүргізді. Балаларға бұл кездесу қатты ұнады.