Президенттің жасанды интеллект бойынша кеңесі » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президенттің жасанды интеллект бойынша кеңесі
11
август
2025

Президенттің жасанды интеллект бойынша кеңесі

Президент жасанды интеллект бойынша кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері мен орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлем елдерінің дамуына тікелей әсер етіп жатқанын атап өтіп, бұл технологияның жаһандық бәсекелестікке қабілеттіліктің басты факторы екенін айтты.

Президент бұл бағытты стратегиялық басымдық ретінде атап, жүйелі әрі табанды жұмыс қажет екенін жеткізді. UNCTAD болжамынша, 2033 жылға қарай AI нарығының ауқымы 4,8 трлн долларға жетіп, ғаламдық технологиялық индустриядағы үлесі 29%-ға дейін артпақ.