Комиссия шешімі
2024 жылдың 2 қыркүйек күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 143 тармағына сәйкес бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 118 тармағына сәйкес бос алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі лауазымына Дарханбаев С.Т, Мырзалиев Қ.О, көркем еңбек пәні мұғалімі лауазымына Карабалаев С.Б, Байдауитова А.А, Кутпанова Л.Б,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына Дауренбекова С.Б, математика пәні мұғаліміне Абдулхамитова Н.А 22-26 тамыз күндері құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері кандидаттардың құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген баллдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғаліміне кандидат Дарханбаев Серикбай Таукенович 8,5 балл, Мырзалиев Қуаныш Орынбекұлы 7,5 балл,
көркем еңбек пәнінің мұғаліміне Карабалаев Сырым Батырханович 5 балл
Кутпанова Ләйлим Болатхановна 6 балл, Байдауитова Аян Айтбаевна 5,5 балл, уақытша бос орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне Дауренбекова Салтанат Балагазиевна 5,5 балл, математика пәні мұғаліміне Абдулхамитова Нұрай Асанқызы 5,5 балл алды.
Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес бос алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғаліміне кандидат Дарханбаев Серикбай Таукенович 8,5 балл, бос көркем еңбек пәнінің мұғаліміне кандидат Кутпанова Ляйлим Болатхановна 6 балл, уақытша бос математика пәнінің мұғаліміне кандидат Абдулхамитова Нұрай Асанқызы 5,5 балл, уақытша бос орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне кандидат Дауренбекова Салтанат Балагазиевна 5,5 балл алып,тағайындауға мектеп директоры Э.А.Бекжановаға ұсыныс берілсін.