25
ноябрь
2024
Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының жобасын ақпараттық-түсіндіру
2024 жылдың 25 қараша күні Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ұсынымы негізінде Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының жобасын ақпараттық-түсіндіру бойынша(МЖМБС) #21 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогтерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, МЖМБС жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар Стандарттың құрылымы,қолдану салалары,білім мазмұнына қойылатын талаптар,негізгі орта білім берудің базалық құндылықтары,пәнаралық біріктіру,кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік GPA бағалауымен білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер туралы айтылды. Білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгертулер мен толықтыруларды қолдаймын. Өйткені , бүгінгі таңда білім мазмұнына қойылатын талаптар, білім алушылардың дайындық деңгейіне көңіл бөлу,бүгінгі қоғамда білім саласына керек деп ойлаймын. Қазақ тілін оқытуды күшейту: Бастауыш мектепте қазақ тілін ерте меңгеру бағдарламасы; Білім беру ұйымының қалауы бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде тілдік емес пәндерді қазақ тілінде оқыту бойынша толықтырулардың енуі, білім беру саласына алдағы уақытта жоғары деңгейде нәтиже беретіні анық.
