«Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесу өткізілгені туралы Анықтама » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесу өткізілгені туралы Анықтама
31
октябрь
2022

«Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесу өткізілгені туралы Анықтама


       №21 Жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты іс-шара жоспарына сай 2022 жылдың 31 қазан күні  «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел» атты көп балалы аналар мен ата- аналар қауымдастықтарымен кездесу өткізілді. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір — біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата — ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата—ана екенін түсіндіру.  

 Көп балалы аналармен кездесуіміз  аналардың шаттық шеңберін құрып бір – біріне деген жылы тілектерін білдірумен басталды. «Отан отбасынан басталады» демекші ата — аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе екенін,  осы мәселеге ата — аналар мен ұстаздар боп атсалысып алар асуымыздың биік болары сөзсіз екенін айтылды. Осыған орай аналардан  қазіргі қоғамда ата — ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата — ананың бақыты неде? Отбасы татулығы неде«Ата-ананың бақыты балада» тақырыбында ойларымен бөлісті және ата-ана мен баланың қарым – қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу туралы сауалнамалар алынды. Мектеп психологы С. Дауренбекова «Балалардың психологиялық денсаулығы» атты  тренинг өткізді, Қорыта келе отбасы, бала, мектеп бір-бірінен ажырамас үш ұғым, бақытты отбасы бар жерде бақытты бала бар, ал осы бақытты балалардың арқасында  болашақта  бақытты ел болатынымыз анық.