№21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Есірткісіз өмір сүрейік» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттарының өткізілгені туралы Ақпарат
Мақсаты:
1.Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
2.Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
3.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінің де өзгеніңде зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге,салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
"Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу" көктемгі айлығы барысында 2024 жылдың 08 сәуірінде мектепте «Есірткісіз өмір сүрейік» тақырыбында 5-11 сынып аралығында білім алушыларына сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында білім алушыларға дүниедегі ең қымбат нәрсе ол оның өмірі мен денсаулығы екенін, өмірлерінің өз қолыңда темекі, вейп, алкоголь денсаулыққа зиянын тигізіп қоймай, оның арты нашақорлыққа әкеліп соғатыны туралы айтылды.



