17
январь
2024
№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік қызметінің ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту бағытында атқарған жұмысы туралы Ақпарат
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінде ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығату мақсатында «Ата ана мен бала арасындағы ықпалдастық » тақырыбында 2024 жылдың 17 қаңтарында 6 – 11 сынып оқушыларының ата – аналары арасында әлеуметтік педагогтар тарапынан аудандық біріңғай тренинг ата –аналармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым–қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.



