«Отбасы тәрбиесі қоғам негізінің бастауы» тақырыбында сынып жетекшілермен өткізілген іс- шара
Мақсаты: Сынып жетекшілерге өз сыныптарындағы білім алушылардың отбасы жағдайымен тығыз байланыста болуға және әр түрлі санаттағы білім алушыларды үнемі назардан тыс қалдырмау.
Мектепте мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар бірлесіп сынып жетекшілермен «Отбасы тәрбиесі қоғам негізінің бастауы» тақырыбында іс - шара өткізілді. Іс - шараға барлығы 15 сынып жетекші қамтылды. Әлеуметттік педагог Э.М.Ахметова сынып жетекшілерге әр түрлі санаттағы отбасы балаларының өмір сүру деңгейімен және білім алу жағдайлары туралы қысқаша мәлімет беріп, баяндама оқыды. Сондай -ақ мектеп психологы А.С.Назаркулова сынып жетекшілермен «Отбасы, мұғалім бір тұтас» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында барлық сынып жетекшілер өз сыныптарындағы білім алушыларды қалай бақылауға алатындарын жүрекшелерге жазып, өз ойларын ортаға салды. Іс - шара өз деңгейінде өтті.


