Психологиялық қызмет - №21 ЖОББМ https://21-merki.mektebi.kz/ ru Психологиялық қызмет - №21 ЖОББМ DataLife Engine Профилактика және психологиялық ағарту жұмысы аясында “Отбасы зорлық - зомбылықсыз аймақ” тақырыбында ата - аналармен кездесу https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1808-profilaktika-zhne-psihologijaly-aartu-zhmysy-ajasynda-otbasy-zorly-zombylysyz-ajma-tayrybynda-ata-analarmen-kezdesu.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1808-profilaktika-zhne-psihologijaly-aartu-zhmysy-ajasynda-otbasy-zorly-zombylysyz-ajma-tayrybynda-ata-analarmen-kezdesu.html Мерзімі: 18 наурыз 2025жыл
Респонденттер: 20 ата - ана
Мақсаты: Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
         •        Ата-аналарды құқықтық және психологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
         •        Балаларға қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал ету.
Кездесудің жоспары:
  1. Кіріспе сөз (5-10 минут)
         •        Кездесудің мақсаты мен маңыздылығын түсіндіру.
         •        Зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, экономикалық, сексуалдық) жайлы қысқаша ақпарат.
  1. Мамандардың баяндамасы 
  2. Талқылау және сұрақ-жауап (15 минут)
Ата-аналар өз ойларын айтып, мамандарға сұрақтар қоя алады.
  1. Тренинг немесе рөлдік ойындар (15-20 минут)
- Отбасындағы конфликтіні бейбіт жолмен шешу әдістері.
- «Өз бетімен өмір сүре алатын тәуелсіз  бала тәрбиелеудіңт 6 жолы» 
- Баламен қарым-қатынасты жақсарту бойынша тәжірибелік жаттығулар. 
  1. Қорытынды және ұсыныстар

Құрметті ата-аналар! 
Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Сізге ұсынылып отырған  Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес.
Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.
«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.
Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес
1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
бала тәрбиесі, бала, ата аналарға кеңестер, пайдалы кеңестер, ата аналарға кеңес
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.]]>
Мерзімі: 18 наурыз 2025жыл

admin Tue, 18 Mar 2025 11:24:29 +0600
Түзету-дамыту жұмысы аясында 8 сынып дарынды оқушыларымен жүргізілген «Эмоционалды интеллект» тренингі https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1810-tzetu-damytu-zhmysy-ajasynda-8-synyp-daryndy-oushylarymen-zhrgzlgen-jemocionaldy-intellekt-trening.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1810-tzetu-damytu-zhmysy-ajasynda-8-synyp-daryndy-oushylarymen-zhrgzlgen-jemocionaldy-intellekt-trening.html Жоспары: 
  1. Эмоциялық интеллект дегеніміз не? 
  2. Эмоциялық интеллект бірнеше негізгі құрамдас бөліктері 
  3. Эмоционалды интеллект компоненттері
  4. Эмоционалды интеллектіні қалай дамытуға болады? Кеңес беру
  5. ЭмИн диагностикасын орындау
  6. Психологиялық жаттығулар 
  7. Қорытынды
Барысы: Эмоциялық интеллект (ЭИ) – бұл адамның өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну, басқару, қолдану қабілеті. Эмоциялық интеллект адамның әлеуметтік және жеке өмірінде табысты болуына ықпал етеді. Ол өз эмоциялары мен сезімдерін түсініп, оларды басқару арқылы жеке даму мен қарым-қатынастарда үйлесімділікті сақтауға мүмкіндік береді. Эмоциялық интеллект бірнеше негізгі құрамдас бөліктерден тұрады:
1.Өз-өзіне сенімділік және өзін-өзі басқару:
Өз эмоцияларын түсіну және басқару қабілеті, өзін-өзі бақылап, теріс эмоциялардан арылу арқылы ішкі тепе-теңдікті сақтау.
2.Эмпатия: Басқа адамдардың эмоцияларын түсіну және сезіну қабілеті. Эмпатия – бұл адамдардың сезімдеріне құрметпен қарау және олардың жағдайына сәйкес әрекет ету.
3.Әлеуметтік дағдылар: Қарым-қатынаста тиімді болу, топта жұмыс істей білу, адамдармен өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыру.
4.Мотивация: Эмоциялық интеллекттің маңызды бөлігі адамның ішкі мотивациясын тану, мақсатқа жетуге ұмтылу және қиындықтарға қарамастан табандылық таныту.
Эмоциялық интеллект адамның қарым-қатынас жасау қабілетін жақсартып, жеке өмірде де, жұмыста да табысқа жетуге көмектеседі.
Эмоционалды интеллект компоненттері
•        Өзін-өзі тану: Өз эмоцияларыңызды түсіну және қабылдау
o       Мысалы: Қай кезде көңіліңіз түсетінін білу
•        Өзін-өзі басқару: Эмоцияларды дұрыс басқару
o       Мысалы: Ашуланғанда тынышталу тәсілдерін қолдану
•        Әлеуметтік тану: Басқалардың эмоцияларын түсіну
o       Мысалы: Досыңыздың көңіл-күйін байқау
•        Қарым-қатынас басқару: Басқалармен тиімді қарым-қатынас жасау
o       Мысалы: Конфликттерді шешу және ынтымақтастық орнату
Неліктен эмоционалды интеллект маңызды?
•        Жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі
•        Көшбасшылық қабілеттерін дамытады
•        Стрессті басқаруға және депрессиядан сақтануға көмектеседі
•        Шешім қабылдауды жақсартады
•        Өмірдегі табысқа жетуге ықпал етеді
Эмоционалды интеллектіні қалай дамытуға болады?
•        Өзіңіздің сезімдеріңізді байқаңыз
•        Эмоциялардың себептерін түсінуге тырысыңыз
•        Басқалардың көзқарасын түсінуге тырысыңыз (эмпатия)
•        Өзіңізді басқару тәсілдерін үйреніңіз (медитация, терең тыныс алу)
•        Қарым-қатынас дағдыларын жаттықтырыңыз (тыңдау, сұрақ қою)
ЭмИн диагностикасын орындау: ЭмИн диагностикасы — бұл эмоциялық интеллект деңгейін анықтауға арналған тест. Бағалау:
• Егер көп жауаптарыңыз а болса, онда сіздің эмоциялық интеллектіңіз жоғары деңгейде.
• Егер көп жауаптарыңыз б болса, сіздің эмоциялық интеллектіңіз орташа деңгейде және оны одан әрі дамытуға болады.
• Егер көп жауаптарыңыз в болса, онда эмоциялық интеллектіңізді дамыту қажет.
  Бұл тест эмоцияларды тану мен басқаруға қатысты алғашқы түсініктерді береді. Жеке талқылаулар мен жаттығулар арқылы әр оқушының эмоциялық интеллектісін дамытуға көмектесуге болады.
Қорытынды
• Эмоционалды интеллект – табысты және бақытты өмірдің кілті
• Эмоционалды интеллектіні дамыту – үздіксіз процесс
• Өзіңізге сеніңіз және дамуға ұмтылыңыз!

Видео​​​]]>
Жоспары: 

admin Wed, 05 Mar 2025 11:32:16 +0600
Психологиялық интелектуалдық ойын https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1751-psihologijaly-intelektualdy-ojyn.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1751-psihologijaly-intelektualdy-ojyn.html
]]>

]]>
admin Fri, 14 Feb 2025 11:23:25 +0600
Психологиялық диагностикалау https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1750-psihologijaly-diagnostikalau.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1750-psihologijaly-diagnostikalau.html Психологиялық айлық барысында 8-11 сынып білім алушыларымен психологиялық диагностикалау  жұмысы жүргізілді. Бектің Депрессия шкаласы тесті алынды.  Мақсаты:  жасөспірімдер арасындағыаутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және алаңдаушылық пен күйзеліс жағдайын анықтау. 8-11 сынып білім алушылары бойынан депрессиялық күйдің қалыпты күйі анықталды. Жалпы 8-11 сынып білім алушыларында мазасыздық, алаңдаушылық, стресстік күй бақылау барысында байқалған жоқ.
]]>
Психологиялық айлық барысында 8-11 сынып білім алушыларымен психологиялық диагностикалау  жұмысы жүргізілді. Бектің Депрессия шкаласы тесті алынды.  Мақсаты:  жасөспірімдер арасындағыаутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және алаңдаушылық пен күйзеліс жағдайын анықтау. 8-11 сынып білім алушылары бойынан депрессиялық күйдің қалыпты күйі анықталды. Жалпы 8-11 сынып білім алушыларында мазасыздық, алаңдаушылық, стресстік күй бақылау барысында байқалған жоқ.
]]>
admin Fri, 07 Feb 2025 11:18:04 +0600
"Бәріміз бәріміз үшін - біріміз бәріміз үшін" психологиялық ойындар өткзу https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1749-brmz-brmz-shn-brmz-brmz-shn-psihologijaly-ojyndar-tkzu.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1749-brmz-brmz-shn-brmz-brmz-shn-psihologijaly-ojyndar-tkzu.html

]]>

]]>
admin Mon, 03 Feb 2025 10:48:54 +0600
11 сынып оқушыларымен тренинг https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1686-11-synyp-oushylarymen-trening.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1686-11-synyp-oushylarymen-trening.html «Үміт пен сенім – алға жетелейтін күш» тақырыбында өткізілген тренингке хаттама

Мерзімі: 31 қаңтар 2025 жыл

Респонденттер: 11 «а, ә» сынып – 20 оқушы

Мақсаты: Оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту.

         •        Қиындықтарды жеңу жолдарын қарастыру.

         •        Мотивация мен өзін-өзі дамыту дағдыларын жетілдіру.

Түрі: тренинг

Тренинг жоспары:

  1. «Үміт пен сенім» тақырыбы жайлы түсінік
  2. «Арманда, арманға жетелейтін нағыз мотивация» видео
  3.  «Менің үміт жұлдызым» жаттығуы
  4. «Көңілді доптар» жаттығуы
  5. «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» тимбилдинг жаттығуы
  6. «Жаңбыр үні» релаксация  жаттығуы
  7. «Жүректен жүрекке» қорытынды

     Жұмыстың нәтижесі:  11 сынып білім алушыларымен  ҰБТ-дің маңыздылығы жайында толық ақпарат алып түсіндіру жұмыстары жүргізілді, «Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы» және адам бойында үміт пен сенім туралы айтылып,  «Арманда, арманға жетелейтін нағыз мотивация» видеоролигін тамашалап, «Менің үміт жұлдызым» жаттығуы жүргізілді, әрқайсысы өз арманы мен мақсатын сол жұлдызға жазып, жұлдыздарды тақтаға іліп, ортақ «Аспан» құрастырды. Ортаға шеңбер құрып «Көңілді доптар» жаттығуы жүргізілді, доптардағы санның реттілігіне қарай ішінен шыққан логикалық сұрақтарға жауаптар  алынды. «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» тимбилдинг жаттығуы барысында шеңбер бойынша бір-бірлерінің арқасына А4 форматтағы қағазға психолог нұсқауы бойынша сурет салып, салынған суреттеріне қарап өздерінің көңіл – күйлерін көтерді. «Жаңбыр үні» релаксациялық жаттығуы жүргізізіліп, тренингті  «Жүректен жүрекке» арқылы кері байланыс жасалды. 

    Жұмыс қорытындысы:  білім алушыларға үміт пен сенімнің маңыздылығын тағы психолог тағы бір рет атап өтіп, оқушыларға шабыттандыратын цитата айтылды: «Ең үлкен жетістік – сеніміңді жоғалтпау!» Жалпы оқушылар белсенді қатысты, ойларымен бөлісті.

]]>
«Үміт пен сенім – алға жетелейтін күш» тақырыбында өткізілген тренингке хаттама

admin Fri, 31 Jan 2025 16:51:57 +0600
"Қарым - қатынас күні" https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1685-arym-atynas-kn.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1685-arym-atynas-kn.html

]]>

]]>
admin Thu, 30 Jan 2025 16:42:18 +0600
"Эмоция мен сезім" күні https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1640-jemocija-men-sezm-kn.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1640-jemocija-men-sezm-kn.html

]]>

]]>
admin Wed, 22 Jan 2025 15:02:21 +0600
Психологиялық айлықтың ашылуы https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1635-psihologijaly-ajlyty-ashyluy.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1635-psihologijaly-ajlyty-ashyluy.html
20 қаңтар күні психологиялық айлық «Жақсы тілек айту"  күні бағыты аясында  ашылу салтанаты өтті  «Тілек айту» мектеп қызметкерлері, мұғалімдері мен 5-11 сынып оқушылары қатысып, «Мектепке деген мейірімділік» плакат, тңлек ағашына 5-11 сынып оқушылары өз ойларын стикер немесе жазу арқылы білдірді. Жауапты мектеп педагог психологтары

admin Mon, 20 Jan 2025 17:48:45 +0600
Тұлғалық ерекшеліктерін дамыту мақсатында 9-10 сынып қыздарымен «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында тренинг https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1542-tlaly-erekshelktern-damytu-masatynda-9-10-synyp-yzdarymen-yz-ylyymen-krkt-tayrybynda-trening.html https://21-merki.mektebi.kz/psihologijaly-yzmet/1542-tlaly-erekshelktern-damytu-masatynda-9-10-synyp-yzdarymen-yz-ylyymen-krkt-tayrybynda-trening.html «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында тренинг жүргізілгендігі туралы

 Анықтама

Мерзімі: 19 қараша 2024 ж

    Қатысқандар: 34 оқушы қыз

    Жауапты: ДТЖО: Э. Тайбекова, мектеп психологы: А. Назаркулова

"Қыз қылығымен көрікті" атты оқушы қыздарға арналған тренинг жоспары - қыздардың өзіне деген сенімділігін арттыруға, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамытуға, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге бағытталған. 

Тренинг мақсаты - оқушыларға дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға көмектесу, әдептілік, сыйластық және сұлулықтың ішкі құндылықтарын түсіндіру.

Тренингтің негізгі бөлімдері

1. Мотивациялық бөлім

  • Тренингке қатысушылармен  сәлемдесу
  • Мақсаттарды анықтау: қыздарға «қылық» сөзінің мәнін ашу, оның маңыздылығын түсіндіру.
  • Әр қатысушы өзін қысқаша таныстырып, өзіне ұнайтын қасиеттерін атайды.

2. Әдептілік және өзін-өзі ұстау

  • Этикет сабақтары: түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі, сөз сөйлеу әдебі, әдепті сөйлеу үлгілері.
  • Жаттығу: Әртүрлі ситуацияларды рөлдік ойындар арқылы көрсету (досына көмектесу, бейтаныс адаммен сыпайы сөйлесу, қиын жағдайда өзін ұстау).

3. Сыртқы және ішкі сұлулық

  • Ішкі сұлулық туралы пікір алмасу: қандай қасиеттер адамды көрікті етеді, ішкі сұлулықтың мәні.
  • Сыртқы күтім: киім кию мәдениеті, жеке гигиена мен өзін-өзі күту туралы қысқаша ақпарат.

4. Қарым-қатынас мәдениеті

  • Достық қарым-қатынас құру: достық қатынастарды нығайту, қыздар арасындағы түсіністік пен қолдауды дамыту.
  • Жаттығу: «Тыңдай білу мәдениеті» — әр қатысушы өз ойын еркін айту, басқа біреу сөйлегенде зейін қою, сабыр сақтау.

5. Қыздарға арналған кеңестер

  • Қыздың әдемі қылығы мен әдебі оны көріктендіретіндігі туралы кеңестер.
  • Өз-өзіне сенімді болудың маңыздылығы мен өзін-өзі бағалауды көтерудің жолдары.

6. Қорытынды бөлім

Тренинг бойынша рефлексия: не үйренгені, қандай жаңа нәрселер ашқаны туралы ой бөлісу.  Әр қатысушыға сәттілік тілеп, мотивациялық сөздер айту.

Тренинг соңында қатысушылар ішкі және сыртқы сұлулық, өзін-өзі дұрыс ұстау туралы білімдерін жетілдіріп, өзіне деген сенімділікті нығайту арқылы өз қылықтары мен іс-әрекеттерін саналы түрде басқаруға үйренеді. 

]]>
«Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында тренинг жүргізілгендігі туралы

admin Tue, 19 Nov 2024 17:01:11 +0600