Іс-шаралар тәрбие - №21 ЖОББМ https://21-merki.mektebi.kz/ ru Іс-шаралар тәрбие - №21 ЖОББМ DataLife Engine Абай Құнанбайұлының туған күніне орай бейне құттықтау арнады . https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2340-abaj-nanbajlyny-tuan-knne-oraj-bejne-ttytau-arnady-.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2340-abaj-nanbajlyny-tuan-knne-oraj-bejne-ttytau-arnady-.html бейне  құттықтауында ағылшын тілі пәні педагогтері Абай атаның шығармашылығының тек қазақ халқы үшін ғана емес , бүкіл адамзат үшін маңызы зор екенін атап өтіп, ұлы ойшылдың даналық сөздерін ағылшын тілінде жеткізді." Абай Құнанбайұлы - әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға , оның шығармалары - уақыт пен кеңістікке бағынбайтын рухани қазына " , деген ізгі ниетпен ұйымдастырылған бейне құттықтау педагогтардың ақын мұрасына деген құрметін айшықтай түсті.]]> admin Tue, 18 Aug 2026 11:18:36 -0400 1- Маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай №21 ЖОББМ «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері ашылды. https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2332-1-mausym-halyaraly-balalardy-orau-merekesne-oraj-21-zhobbm-balduren-zhazy-sauytyru-lager-ashyldy.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2332-1-mausym-halyaraly-balalardy-orau-merekesne-oraj-21-zhobbm-balduren-zhazy-sauytyru-lager-ashyldy.html 1- Маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай №21 ЖОББМ «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Ашылу салтанатында бүлдіршіндердің көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын ән-би, қызықты ойындар ұйымдастырылып, мектеп демеушілерінің қолдауымен балмұздақ таратылды. Лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және қызықты демалыс сыйлау. Барша бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер тілейміз! 🌈🎉

#Балдәурен #ЖазғыЛагерь 

]]>
admin Tue, 02 Jun 2026 11:34:50 -0400
№21 мектептің 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған әскери-патриоттық бескүндік іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу және жауапкершілік қасиеттерін дамыту мақсатында ж https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2317-21-mektept-10-synyp-oushylary-arasynda-jymdastyrylan-skeri-patriotty-beskndk-s-shara-zhas-rpaty-otana-degen-sjspenshlgn-arttyru-patriotty-sezmn-alyptastyru-skeri-trtpke-baulu-zhne-zhauapkers.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2317-21-mektept-10-synyp-oushylary-arasynda-jymdastyrylan-skeri-patriotty-beskndk-s-shara-zhas-rpaty-otana-degen-sjspenshlgn-arttyru-patriotty-sezmn-alyptastyru-skeri-trtpke-baulu-zhne-zhauapkers.html №21 мектептің 10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған әскери-патриоттық бескүндік іс-шара жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу және жауапкершілік қасиеттерін дамыту мақсатында жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әскери дайындық элементтерімен танысып, саптық жүріс, әскери эстафета, зияткерлік сайыстар мен түрлі патриоттық бағыттағы бағдарламаларға белсенді қатысты. Бескүндік аясында оқушылар ұйымшылдықтарын, батылдықтары мен белсенділіктерін көрсетіп, әскери саланың маңыздылығын тереңірек түсіне білді. Аталған іс-шара жасөспірімдердің рухын көтеріп, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды тәрбиелік шаралардың бірі болды.]]> admin Thu, 28 May 2026 13:54:13 -0400 "Жас шекарашылар" әскери - патриоттық бағдарламасының аясында «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске Қазақстанның тарихи рөлі мен үлесі» және де «Калашников автоматын жасау тарихы» тақырыбында сабақ өткізілді! https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2316-zhas-shekarashylar-skeri-patriotty-badarlamasyny-ajasynda-19411945-zhyldarday-ly-otan-soysynday-zheske-azastanny-tarihi-rl-men-les-zhne-de-kalashnikov-avtomatyn-zhasau-tarihy-tayrybynda-saba.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2316-zhas-shekarashylar-skeri-patriotty-badarlamasyny-ajasynda-19411945-zhyldarday-ly-otan-soysynday-zheske-azastanny-tarihi-rl-men-les-zhne-de-kalashnikov-avtomatyn-zhasau-tarihy-tayrybynda-saba.html амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің #21 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери дайындықтың және технология пәнінің жетекшісі аға лейтенант Дарханбаев С.Т., мектептің оқушыларымен "Жас шекарашылар" әскери - патриоттық бағдарламасының аясында    «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске Қазақстанның тарихи рөлі мен үлесі» және де 
«Калашников автоматын жасау тарихы» тақырыбында сабақ өткізілді!
]]>
admin Thu, 28 May 2026 13:47:23 -0400
№21 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сыныбының білім алушылары мен :" Сол жылдарға - тағзым !" атты ерлік - тәрбие сағаты өткізілді. https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2310-21-zhalpy-orta-blm-beretn-mektebn-10-synybyny-blm-alushylary-men-sol-zhyldara-tazym-atty-erlk-trbie-saaty-tkzld.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2310-21-zhalpy-orta-blm-beretn-mektebn-10-synybyny-blm-alushylary-men-sol-zhyldara-tazym-atty-erlk-trbie-saaty-tkzld.html Мектептегі білім алушыларына Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, батыр ардагерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар , жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру ( насихаттау) және тарихи жадыны сақтау мақсатында 2026 жылдың 08 мамыр күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сыныбының білім алушылары мен :" Сол жылдарға - тағзым !" атты ерлік - тәрбие сағаты өткізілді. Мұғалімі : А.К. Тажибаева. Ерлік сағатында білім алушыларға Ұлы Жеңістің бүгінгі ұрпақ үшін маңызы түсіндіріліп , бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізілді. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі жайлы айтылып , батырлар туралы бейнематериалдар мен слайдтар көрсетіліп ,   патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып , әндер орындады . Сонымен қатар , 10 сынып білім алушылары Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен майданда қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында ескерткішке барып, тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздік жариялап, батырлардың ерлігіне құрмет көрсетіп , ескерткішке гүл шоқтарын қойды .Тәрбие сағаты өте мазмұнды және патриоттық рухта өтті. Бейбіт өмір - батырларларымыздың жанқиярлық ерлігінің жемісі , сондықтан да біз тарихымызды ұмытпай, жас ұрпақты елін , жерін, Отанын сүюге ,  білімді және саналы ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Біз батыр аталарымыз бен әжелеріміздің алдында қарыздармыз , олардың ерлігі - мәңгілік өнеге . " Ешкім де , ешнәрсе де ұмытылмайды !"]]> admin Fri, 15 May 2026 17:29:56 -0400 Алау әскери спорттық ойындар аясында Ұлы Отан соғысының 81 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада әскери-медициналық дайындықтың маңызы кеңінен түсіндіріліп, әсіресе оқ жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлері жан-жақты қарастырылды. https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2307-alau-skeri-sportty-ojyndar-ajasynda-ly-otan-soysyny-81-zhyldyyna-oraj-jymdastyrylan-s-sharada-skeri-medicinaly-dajyndyty-mayzy-kenen-tsndrlp-srese-o-zharaaty-keznde-krsetletn-alashy-kmek-trl.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2307-alau-skeri-sportty-ojyndar-ajasynda-ly-otan-soysyny-81-zhyldyyna-oraj-jymdastyrylan-s-sharada-skeri-medicinaly-dajyndyty-mayzy-kenen-tsndrlp-srese-o-zharaaty-keznde-krsetletn-alashy-kmek-trl.html Алау әскери спорттық ойындар аясында Ұлы Отан соғысының 81 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада әскери-медициналық дайындықтың маңызы кеңінен түсіндіріліп, әсіресе оқ жарақаты кезінде көрсетілетін алғашқы көмек түрлері жан-жақты қарастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты дәріптей отырып, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды. Қатысушыларға оқ тиген жағдайда қан кетуді тоқтату, жараны дұрыс таңу, зардап шегушіні қауіпсіз жерге көшіру сияқты маңызды алғашқы көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. Сонымен қатар, түрлі практикалық жаттығулар ұйымдастырылып, әрбір адамға нақты жағдайда өзін қалай ұстау керектігі үйретілді. Бұл іс-шара жас буынның жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың өмірге деген сақтығын, төзімділігін және отансүйгіштік рухын нығайтуға үлкен үлес қосты.]]> admin Fri, 08 May 2026 17:52:39 -0400 ҚР Қарулы Күштерінің 34 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «АЛАУ» әскери-спорттық байқауы жоғары деңгейде өтті. https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2304-r-aruly-kshtern-34-zhyldyy-men-ly-zhest-81-zhyldyyna-arnalan-alau-skeri-sportty-bajauy-zhoary-degejde-tt.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2304-r-aruly-kshtern-34-zhyldyy-men-ly-zhest-81-zhyldyyna-arnalan-alau-skeri-sportty-bajauy-zhoary-degejde-tt.html №21 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Қарулы Күштерінің 34 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «АЛАУ» әскери-спорттық байқауы жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс 7-8-10 сынып оқушылары үшін нағыз төзімділік пен отансүйгіштіктің үлкен сынағы болды.Мектеп директоры Э.А. Бекжанованың қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара жас ұландардың бойындағы жауапкершілік пен патриоттық рухты асқақтата түсті. 2025–2026 оқу жылының бұл жарқын жетістігі — біртұтас ұжым мен еңбекқор шәкірттердің ортақ жеңісі!]]> admin Mon, 04 May 2026 10:16:17 -0400 Бейбіт елдің бақытты балалары https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2299-bejbt-eld-baytty-balalary.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2299-bejbt-eld-baytty-balalary.html

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бейбіт елдің бақытты балалары» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына достық, татулық және бірлік құндылықтарын сіңіру. Концерт барысында оқушылар түрлі ұлттардың әндері мен билерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінде Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен насихатталды.

Мерекелік кеште балалардың өнері көрермендер тарапынан ерекше ықыласпен қабылданып, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.





]]>

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бейбіт елдің бақытты балалары» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойына достық, татулық және бірлік құндылықтарын сіңіру. Концерт барысында оқушылар түрлі ұлттардың әндері мен билерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінде Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен насихатталды.

Мерекелік кеште балалардың өнері көрермендер тарапынан ерекше ықыласпен қабылданып, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.





]]>
admin Thu, 30 Apr 2026 15:03:00 -0400
"Жас шекарашылар" әскери - патриоттық бағдарламасының аясында “Қауіпті заттармен жұмыс істеу (қару жарақ) кезіндегі қауіпсіздік пен жауапкершілік” тақырыбында сабақ өткізілді! https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2292-zhas-shekarashylar-skeri-patriotty-badarlamasyny-ajasynda-aupt-zattarmen-zhmys-steu-aru-zhara-kezndeg-aupszdk-pen-zhauapkershlk-tayrybynda-saba-tkzld.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2292-zhas-shekarashylar-skeri-patriotty-badarlamasyny-ajasynda-aupt-zattarmen-zhmys-steu-aru-zhara-kezndeg-aupszdk-pen-zhauapkershlk-tayrybynda-saba-tkzld.html 2026 жылғы 28 сәуір күні Меркі ауданы бойынша Шекара басқармасына қарасты “Сыпатай батыр” (автокөліктік) шеқаралық бақылау бөлімінде аға лейтенант Бақыт Е. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің #21 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғашқы әскери дайындықтың және технология пәнінің жетекшісі аға лейтенант Дарханбаев С.Т., мектептің оқушыларымен "Жас шекарашылар" әскери - патриоттық бағдарламасының аясында “Қауіпті заттармен жұмыс істеу (қару жарақ) кезіндегі қауіпсіздік пен жауапкершілік” тақырыбында сабақ өткізілді! Мектеп оқушыларына өткізу пункті көрсетілді.]]> admin Tue, 28 Apr 2026 17:13:07 -0400 " Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2295--zhas-maman-2026-bajauy-jymdastyrylyp-tkzld.html https://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/2295--zhas-maman-2026-bajauy-jymdastyrylyp-tkzld.html 2026 жылдың 27 сәуір күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде :" Нәтижелі сабақ - Теория.Талдау. Сапа ". аудандық және мектепішілік жоспарға сәйкес жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру , оларға  әдістемелік көмек көрсету,  шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында :" Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған байқауға еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы 8 жас маман қатысты. Байқау келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды: 1.  Сапалы , нәтижелі ашық сабақ көрсету; 2. Креативті таныстыру; 3. Шығармашылық өнер ; 4. Қорытынды.Байқау барысында жас педагогтері заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып , инновациялық идеялары мен заманауи оқыту тәсілдерін қолданып , өз пәндері бойынша сабақ өткізіп , әдістемелік шеберліктерін көрсетіп, жеке ұстанымдарын ұсынды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың педагогикалық шеберлігін, сабақ беру әдістемесін, шығармашылық ізденісін және жас мамандарымыздың тиімді қарым- қатынас жасау қабілетін бағалады.
 Мектеп директоры - Эльмира Алтынбекқызы Бекжанова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Балжан Шленқызы Жандарова барлық қатысушы жас мамандарды құттықтап , оларға білім ,тәрбие  мен кәсіби дағдыларын бағындыруда шығармашылық шабыт , толағай табыс ,  әрбір бастамаларына сәттілік тілеп, өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.]]>
admin Tue, 28 Apr 2026 11:29:10 -0400