«Жас өнертапқыштар» аудандық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жас өнертапқыштар» аудандық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі
21
апрель
2026

«Жас өнертапқыштар» аудандық байқауын ұйымдастыру және өткізу ережесі

Бекітемін

                                                                                                               Меркі ауданының білім

                                                                                                       бөлімінің басшысы

                                                                                                  З.Абдирасилова

                                                                                                                «___» __________ 2026 ж



Жалпы орта білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушыларына арналған

«Жас өнертапқыштар» аудандық  байқауын  ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
 1.1. Осы Ереже «Жас өнертапқыштар» байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
 1.2. Байқау оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға бағытталған.
 1.3. Байқау аудандық деңгейде өткізіледі.
 1.4. Ұйымдастырушы: Меркі ауданының білім бөлімі

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
 Мақсаты:
 оқушылардың зерттеушілік және өнертапқыштық қабілеттерін дамыту, инновациялық жобаларды қолдау.

Міндеттері:

  • ғылыми-техникалық шығармашылыққа қызығушылықты арттыру;
  • дарынды оқушыларды анықтау және қолдау;
  • практикалық маңызы бар жобаларды әзірлеуге бағыттау, жоба қорғау мәдениетін қалыптастыру.;
  • STEM бағытындағы білімді өмірмен байланыстыру;
  • цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндігін ғылыми жобаларда пайдалану.

3. Қатысушылар
 3.1. Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 8–10 сынып оқушылары қатыса алады.
 3.2. Қатысу жеке немесе топтық (3 оқушыдан артық емес) түрде жүзеге асырылады.
 3.3. Әр қатысушы бір ғана жобамен қатысады.

4. Байқауды өткізу кезеңдері
 4.1. Іріктеу кезеңі – өтінімдер мен жобаларды қабылдау, сараптау – 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін.
 4.2. Қорытынды кезең – жобаларды көпшілік алдында қорғау-  10 сәуір 2026 жыл.

Байқаудың қорытынды кезеңі келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  • «Жасыл болашақ: экологиялық таза өнертабыстар» (жергілікті жердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар).
  • «Ғарышты игерудегі жас өнертапқыштар жобасы» (ғарыш қызметі саласындағы ғылыми- техникалық жетістіктерді айқындайтын стартап жобалар).
  • «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған технологиялар»
  • «Ауыл өмірін жеңілдететін құрылғылар»
  • «Күнделікті өмірдегі математикалық модельдер»
  • «Тұрмыстағы химия: қауіпсіз және тиімді қолдану жолдары»
  • «Цифрлық мәдениет және қауіпсіздік» (ақпараттық, технология нысандары мен робототехника модельдеу)
  • «Құрылыс және архитектура» (жаңа модельді ғимараттар мен архитектуралық нысандар).
  • «Әскери техника үлгілері» (әскери техника жетістіктеріне бағытталған).

4.3. Өткізу мерзімі: 10 сәуір 2026 жыл.
 4.4. Өтетін орны: Оқушылар «Үміт сарайы».

6. Жобаға қойылатын талаптар
 6.1. Жоба өзекті, жаңашыл және практикалық маңызы бар болуы тиіс.
 6.2. Жұмыстың мазмұны авторлық болуы тиіс, плагиатқа жол берілмейді.

6.3. Презентация уақыты: 3–4 минутқа дейін.

6.4. Қорғау кезінде макет, модель қолдануға рұқсат етіледі.

7. Бағалау критерийлері

  • жаңашылдығы мен шығармашылығы;
  • практикалық маңыздылығы;
  • ғылыми негізділігі;
  • автордың жеке үлесі, жобаны таныстыру сапасы;
  • сұрақтарға жауап беру деңгейі;
  • жобалау кезінде заманауи инновациялық технологияларды, нысандарда және әдістерді пайдалану; 
  • жұмыстың рәсімделуі.

8. Марапаттау
 8.1. Әр номинация бойынша I, II, III дәрежелі дипломдар беріледі.
 8.2. Ерекше жобаларға арнайы сыйлықтар тағайындалады.
 8.3. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.







Қосымша 1

«Жас өнертапқыштар» аудандық байқауына қатысуға өтінім

1. Қатысушы туралы мәлімет

  • Тегі, аты, әкесінің аты: __________________________________
  • Туған жылы: ______________________________________________
  • Сыныбы: _________________________________________________
  • Білім беру ұйымы (мектеп атауы): ___________________________
  • Мекенжайы: ______________________________________________
  • Байланыс телефоны: ______________________________________
  • Электрондық пошта: ______________________________________

2. Жоба туралы мәлімет

  • Жобаның атауы: __________________________________________
  • Бағыты (номинациясы): ____________________________________
  • Жобаның қысқаша сипаттамасы (3–5 сөйлем):

3. Жетекші туралы мәлімет

  • Т.А.Ә.: _________________________________________________
  • Қызметі: ________________________________________________
  • Жұмыс орны: _____________________________________________
  • Байланыс телефоны: ______________________________________
  • Электрондық пошта: ______________________________________

4. Қосымша ақпарат (бар болса)

Өтінім берушінің қолы: _______________________
 Күні: «___» __________ 2026 ж.

Жетекшінің қолы: ____________________________

Мөр